Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2022
122
ЫСТЫҚ ШАҺАР
Еш қыдырғым келмейді,
Не істеген жөн,
не істеген?..
ЫСТЫҚ асфальт терлейді,
ЫСТЫҚ құмнан сескенем.
ЫСТЫҚ гүлге қарадым —
ЫСТЫҚ жұпар аңқиды.
Төбесінде қаланың
ЫСТЫҚ бұлттар қалқиды.
Ұшты,
міне,
торғай да
Қағып ЫСТЫҚ қанатын.
Көлеңке жоқ.
Ол қайда?
Теңіз жоқ біз баратын.
Көндік ЫСТЫҚ арайға,
Жоқ басқа леп,
өзге дем.
...Үйлер маған қарай ма,
ЫСТЫҚ әйнек-көзбенен?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter