Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2022
106
Аңсау
Бастаған жоқпыз ұрыс түк,
Қапылдырған жоқ қызық іс.
Отырмыз сақтап тыныштық,
Болған жоқ әлі үзіліс.
Қараңыз,
сайран салмадық —
Жүгіріп төмен,
жоғары.
Қайтесіз бұған таң қалып,
Үзіліс болған жоқ әлі.
Әдепті,
міне,
әр бала,
Бүп-бүтін кітап,
құралы.
Тиіскен жоқпыз талға да,
Үзіліс болмай тұр әлі.
Тіліміз қайдан сайрасын?
Мазаламадық есікті.
...Қоңырау үні,
қайдасың,
Үзіліс неге кешікті?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter