Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2022
201
ІНІГЕ ҮЙРЕТКЕН ІЛІМ
Жүгірдің қуып құрбыны,
Секірдің,
күлдің,
шалқыдың.
Тек есте сақта,
біл мұны —
КӨШЕДЕ ЖҮРУ ТӘРТІБІН.
Анамыз байыз таппайды:
«Байқап жүр,
сақ бол,
жарқыным!»
Әрине,
ұстаз мақтайды —
Бұзбасаң КӨШЕ ТӘРТІБІН.
Жүрмесін көкем көп кейіп,
Сұрап ал менен,
білмесең.
Өтпейтін тұстан өтпейік,
Жүрмейтін тұста жүрме,
сен!
Теректен асып мәуелі,
Келсе де көкте қалқығың,
Пысықтап алшы әуелі —
КӨШЕДЕ ЖҮРУ ТӘРТІБІН.
Түйіні мынау талқының,
Айтайын.
Мейлі, өкпеле:
Бұзғандар КӨШЕ ТӘРТІБІН,
Бұзады тәртіп көкте де.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter