Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2022
121
ӘЙБАТ ӘДЕТ
Ретім жоқ «Қап!» дер менің,
Білім оты —
тұтатқаным.
Жиналыңдар,
дәптерлерім,
Жиналыңдар,
кітаптарым.
Істерім бар талаптанған,
Қалай болмақ үлгерімім?
Баға әкелем сабақтардан,
Қалып қойма,
күнделігім.
Әдетінен жаңылмасын,
Дайын тұрсын автоқалам.
Қалып қойма,
қарындашым,
...Өкпелерің жоқ па маған?
Осы әдеттен жаңылмайық,
Түгелденіп аттанайық.
Бірге алғыс қабылдайық,
Ылғи бірге шаттанайық
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter