Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2022
170
ҰҚЫПТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Әдепті істер —
үйренерім,
Ұят —
мінсіз бола алмаған.
Түгел менің түймелерім,
Үзілмеген,
жоғалмаған.
Тәте сөзін құрметтеймін,
Мен тыңдамай,
кім тыңдайды?!
Шалбарымды кірлетпеймін,
Қалталары жыртылмайды.
Салақтарды жақтырмаймын,
Ұнатарым —
сәнді нұсқа.
Шешінгенде лақтырмаймын
Көйлегімді әр бұрышқа.
Шаң-тозаңды шақырмаймын,
Жолатпаймын үйіме мін.
Ертеңгісін қапылмаймын,
Мұнтаздай боп киінемін.
Жұрт салақты жаратпайды.
...Қарағандар маған мына,
Мектебімді мадақтайды,
Мадақтайды анамды да.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter