Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.10.2022
132
Көктем де келер....
Көктем де келер,
Көкте әз жүрер.
Күн де мәз күлер,
Үнге наз кірер.
Қамдап ел қосын,
Таңдап саз түзер.
Тойынып жұрттың
Тұяғы аз тігер,
Иректеп көлді
Үйрек-қаз жүзер.
Тілегім жалғыз,
Құдай – әз, тілер:
Қыстай қинадың,
Қыспай жаз жібер...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter