Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  139


Автор: Төреғали Тәшенов

Қаратау

Біресе көк мұнартып,
Біресе қоңыр тартып,
Құбылған қайран тауым
Шоқтығы артық.
Тепсінген Теріскейдің рухындай,
Тұр ә-неу өр ашуың көкті шарпып.
Мен үшін асқар шыңың – Аршыдайын,
Көрінер құзың биік – Күрсідейін.
Үзілмес мұңың мың жыл жырласа да
Сүрінбес жүз жырау мен мың сүлейің.
Құзыңнан құлжа атқан Әліп мерген,
Әжімің миллион жылмен әдіптелген.
Тірілген қадым заман шежіресі
Таңбалы тасқа шеккен қаріптерден.
Қаратау – Созақтың керме қасындай,
Аспан мен Жер жаралғанда
Ортасында қалған
Ашылмай –
Құдайдың қайғысы тұнған қара тасындай..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу