Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.10.2022
218

«Жарыс!»
Жарыс!
Жарыс!
Кел, қосыл!
Қалма қалыс!
Жосыл!
Сілте!
Аяқты баспа шалыс!
Жарысқанда
Билейді қызу намыс! жақын емес,
Барар жер –
Шалғай, алыс...
Заула!
Лаула!
Түсірме үнжұрғаңды,
Біздің «Туран әлем» де
Жүр жарыста
Тіршілігі күндегі –
Беріс-алыс...
Бәрекелді!
Аяғын баспай шалыс,
Келе жатыр –
Ауызы кере қарыс.
Бата берем:
Айналма банкротқа!
шабысыңнан жаңылма,
Бас та ходқа!
Кәне, жарыс! Деген соң
Өзің бастап,
Бастым қамшы,
Әзірше келем асқақ,
Тырсылдайды маңдайдан
Ащы тамшы,
О, Құдірет!
Жарысу қызық екен.
Келем сеніп, бұзумен бөгеттерді.
Қолда, Құдай –
Бұлдырап алдан күткен
Мен татпаған дәмім мен тұзым ба екен?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇