Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  140


Автор: Мыңбай Рәш

«Жер»

Жер! Жер! – ерек естілер үш-ақ әріп,
Жері жоқтар мүсәпір, мүлде ғаріп.
Жер! – Деген сөз сабақтас – Отаныммен,
Жер! – Деген сөз – Жүректен шығар жарып.
Жерім үшін шайқасқан бабаларым.
Сұрапылда мерт болған ағаларым.
«Хабарсыздар» қаңқасын қурап қалған
Жер жасырған тұстардан таба аламын.
Жүрегімнің төрінде «Жер» деген сөз.
Құшақтағым келеді көргенде көз,
Дәм таусылса жасырар өз қойнына
Алтын бесік үш әріп екенін сез!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу