Өлеңдер ✍️
Өзіммен сырласу
Ой зердеме зілі мол заманнан ба,
Түңілдідер, төрт аяқ жаманнан ба.
Көңілімнің күмбезін тұман басқан
Тіл алмайтын әлде ерке баламнан ба.
Күйбеңдеумен есейген жасымнан ба,
Мысықтілеу іші тар қасымнан ба.
Түнек қабақ түйілген бір ашылмас,
Күңгірт ойлар кеулеген басымнан ба.
Ой түнектен отырмын сәулені іздеп,
Жүйке тамыр жұқартар әуреміз көп.
Қос қанатын өрт шалған қаршығадай,
Күрсінулі кейпім бар күдер үзбек.
«О не болды, – дерсің-ау, – торығардай»
Арылудың уайымнан жолы бардай.
Аспан ашық – дерсің-ау, күн шұғылалы,
Жабырқаудың жөні жоқ жолығардай.
Жөн ғой беу-беу бейбағым, жұбатқаның,
Құшып өскен көктемнің шуақ, таңын.
Кейде тағдыр еске алам есіркеген
Аялаумен аунатып-қуантқанын.
Адамдықтың жолы деп аталатын,
Игілердің тигізген шапағатын.
Көріп өстім ауырмен алпарыстым,
Ширығумен малтығып, маталатын.
Көріп өстім жымысқы жамандарды,
Көріп өстім өр кеуде надандарды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter