Дидар Амантай
Дидар Амантай - (1969 жылы 5 ақпанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы) - жазушы, сценарист, журналист, қоғам қайраткері. Алғашқы кітабы 1996 жылы «Постскриптум» деген атпен жарық көрді. Кейіннен «Қастерле мені» ( романдар, повестер, әңгімелер, эсселер 2000), «Гүл мен кітаптар» (Роман, 2003), «Күзгі рандеву» (повесть-әңгіме 2005) кітаптарымен қатар, «Нұрғиса Тілендиев», «Әлжаппар Әбішев», «Қасым Аманжолов», «Жүсіпбек Елебеков», «Мұқтар Мағауин» деректі фильмдердің, «Гәкку» («ФЭФ») «А-ға оралу» көркем фильмдерінің «Қарсы бақылау» телесериалының сценариін жазған.