Кәмшат Әкімқожақызы
Кәмшат Әкімқожақызы: «Сырласу» журналының директоры, баспагері. Журналистика саласында 2004 жылдан бері еңбек етеді. Еңбек жолын «Алматы» телеарнасындағы жаңалықтар қызметінен бастап, 2012 жылға дейін «Астана», «7 арна» ақпараттық бағдарламаларында жаңалықтар тілшісі болып қызмет еткен. 2012 жылдың қаңтар айында «Сырласу» журналының бас редакторы қызметіне шақырту алып, бүгінгі күнге дейін аталмыш баспаны басқарып отыр.
Үш баланың анасы, сүйікті жар, сүйкімді келін. «Қазақ қыз-келіншектерінің бүгінгі заман ағысынан қалмауына титтей де болса үлесімді қоссам» деген ниетпен нарықтағы ең үздік әрі жалғыз қазақ тілді басылымды оқырман назарына ай сайын ұсынуды жалғастыруда.