Джеки Чан
Джеки Чан (қыт. 成龍, Чэн Лун; туғандағы аты қыт. 陳港生, Чэнь Ганшэн (Гонконгта туған Чэнь); ағылш. Jackie Chan; т. 7 сәуір 1954, Гонконг, Қытай) - атақты қытайлық және америкалық актер, каскадёр, кинорежиссёр, продюсер, сценариші, трюктер мен шайқас көріністерін қоюшы, әнші, филантроп, ЮНИСЕФ елшісі. Джеки Чан
1954 жылы 7 сәуірде Гонконг қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Оның шын есімі Конг-Санг Чан, Гонконгтан шыққан деген мағынаны білдіреді. Ата-анасы тақыр кедей болғандықтан, болашақ әртіс бала күнінде аштықты талай бастан кешкен. Кейін ата-анасына жұмыс табылып, Австралияға қоныс аударғанда, 6 жасар Джеки отанында қалып, Қытай жабық драмалық академиясына оқуға қабылданады. Ол кезде академия оқушылардың ата-анасымен шарт жасасып, егер бала әлдеқалай жарақат алып немесе қайтыс болып кеткен жағдайда оқу орны жауап бермейтінін мәлімдейді екен. Сөйтіп, тағдыр тәлкегіне қалған ол академиядағы нағыз қатаң тәртіптің тезіне түсіп, таңғы 5-тен тұрып, 16-17 сағат бойына созылатын тынымсыз жаттығулардың шыңдалуынан өтеді. 1971 жылы академияны бітіріп, кинодағы жолын каскадерліктен бастаған қайтпас қайсар Джеки Чан актерлік өмірде де небір аса қауіпті трюктерді өзі орындап, басын талай қатерге тіккен. Екі омыртқасын, мұрнын, аяғы мен қолын да талай сындырып, кеңірдегін жаралап, көзінен де айырылып қала жаздаған. Тіпті бас сүйегін де сындырып, өлімнен қалғанын жұрт біле бермейді. Сонымен қатар Джеки Чан әнші, көптеген киноларындағы әндерді өзі орындаған, 80 жылдардан бастап қазіргі күнге дейін 20 альбомды әндер жинағын шығарған. Бірақ, қалың жұрт Джеки Чанды әнші ретінде емес, әртіс ретінде таниды. 100-ден астам фильмдерде басты рөлдерді сомдаған. Ең алғашқы түскен киносы «Мәңгілік махаббат», «Жас жолбарыс». Осы актерлік өнердің, ерен еңбектің арқасында Джеки Чан әлемдегі ең бай адам атанып және көптеген табыстарға қол жеткізіп отыр.