Зейнел-Ғаби Иманбаев
1924 жылы 2 қаңтар күнi Солтүстiк Қазақстан облысының Преснов ауданына қарасты (қазіргі Шалақын ауданы) Ортақкөл ауылында туған.
1941 жылы Баян орта мектебiн бiтiредi де денсаулығына байланысты әрi қарай оқуын жалғастыра алмайды. Бiрақ өздiгiнен оқып бiлiмiн көтередi, үнемi iздену, талаптану үстiнде болады. Өлең жазады. Алғашқы өлеңдері облыстық «Ленин туы» газетiнде 1940 жылы жарық көредi. З. Иманбаевтың тұңғыш әңгiмесi – «Қанатты өмiр» 1953 жылы республикалық «Әдебиет және искусство» (қазiргi «Жұлдыз») журналында басылады. Содан бастап облыстық, республикалық газет-журналдарда әңгiмелерi, очерктерi, повестерi үнемi жарияланып тұрады.
Жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаев 1960 жылдың 22 қарашасында Мәскеудегі Жазушылар Одағына, кейін Қазақстан Жазушылар одағына мүше болып қабылданды. Ол кісінің әдеби псевдонимі – Қаражігітов.
Зекеңнің алғашқы «Бастама» жинағы 1959 жылы жарық көрді. Содан бастап жылма жыл жинақтары жарық көре бастады.
Зейнел-Ғаби Иманбаев өздігінен оқыған, көп ізденген жазушы. Әр қаламгер өмiр сырына ой көзiмен қарап, содан нәтиже шығаратыны белгiлi. Ауыл адамдарының тыныс-тіршілігін, тылсым табиғат сырын, балалар психологиясын егжей-тегжей зерттей жаза білген Зейнел-Ғаби Иманбаевтың тақырып шеңберi өте ауқымды. Ол өзiнiң әңгiме, очерк, повестерiнде ауыл өмiрiн, тың және тыңайған жерлердi игеру кезiндегi адамдардың қажырлы еңбегiн, Ұлы Отан соғысы кезiндегi тылдағы ауыртпашылық, әр түрлi мамандық иелерiнің ерен еңбегі жайлы сөз қозғайды. Автор сатира жанрына да қалам сілтеген жан.