Бақтыбек Қозыкеев
Бақтыбек Қозыкеев — балалар ақыны. Алматы қаласындағы №12 орта мектепті бітірген соң, Қазақтың мемлекеттік университетін тамамдаған Бақтыбек республикалық «Балдырған» журналына қызметке келді. Ол өзінің журналистік қызметін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде жалғастырып, кейінірек ауылдық мектептерде мұғалім болды.
Бар-жоғы 34 жасында өмірден өткен Бақтыбек Қозыкеевтің соңында кішкентай бүлдіршіндерге арнаған «Түнгі бақта», «Балалар мен тырналар», «Қолғап» атты кітаптары қалды.
Бар-жоғы 34 жасында өмірден өткен Бақтыбек Қозыкеевтің соңында кішкентай бүлдіршіндерге арнаған «Түнгі бақта», «Балалар мен тырналар», «Қолғап» атты кітаптары қалды.