Марфуға Бектемірова
Марфуға Бектемірова — 1958 жылы 26 қыркүйекте Көкшетау облысындағы Еңбекшілдер ауданының Прогресс (ескі Макинка) ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Уәлиханов, Зеренді аудандық және облыстық «Көкшетау правдасы» газеттерінде, Қостанай облыстық радиосында тілші болған. Қостанай облыстық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінде қазақ тілі, ономастика, ұлт саясаты және көшіқон жөніндегі жауапты маман болып қызмет атқарған, республикалық «Ана тілі» газетінің осы облыс бойынша меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай облыстық филиалының директоры болған.
Өлеңдері «Жыр тәңірі», «Тың тынысы», «Көңіл әуендері», «Арман қанатында», «Қарлығаш» атты ұжымдық жинақтарға енген. «Жанары жәудір дүние», «Айдыным менің», «Ғашық жүрек», «Еңлікгүл», «Менің Атлантидам», «Аққуым менің қайдасың?», «Озера души», «Белый парус мечты» жыр жинақтарының авторы. Ақынның аударуымен «Жыр жауһар» сериясымен Анна Ахматованың өлеңдері кітап болып жарық көрді.
Ақын республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Абайдың 150 жылдығына арналған жыр мүшәйрасының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Қазақмыс» корпорациясы ұйымдастырған «Отанымыздың Тәуелсіздігіне тарту» тақырыбында өткен байқаудың жүлдегері. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен, «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Қостанай облысы әкімінің арнайы сыйлығының лауреаты.