Серік Сағынтай
Серік Сағынтай — 1976 жылы 11 желтоқсанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Қоңырат ауылында Қазыбек Нұржанов атындағы орта мектепті тәмәмдап, Жезқазғандағы О.Байқоңыров атындағы университеттің тарих-шет тілдер факультетіне түседі. 1997 жылы университетті бітірген соң, Ақоғай аудандық “Арқа еңбеккері” газетіне әдеби қызметкер болып орналасқан. 2000 жылдан Балқаш қалалық “Балқаш өңірі” газеті редакторының орынбасары, облыстық “Орталық Қазақстан” газетінің әдеби қызметкері, облыстық “Балқантау” газетінің Бас редакторы, республикалық «Айқын», «Алаш айнасы» газеттерінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарған.
2003 жылы “Шабыт” Халықаралық фестивалінде жүлделі 1-орынды иеленген (Әдебиет номинациясы, проза).
2005 жылы “Зерде” қоғамдық қоры ұйымдастырған “Поэзия, менімен егіз бе едің?” атты республикалық жыр мүшәйрасының бірінші жүлдегері.
2009 жылы Жаңаарқа ауданының 80 жылдығына, Жазушылар Одағының 75 жылдығына арнап өткізілген республикалық мүшәйрада 2-орын иеленген.
Бұдан өзге облыстық, республикалық жыр додаларының бірнеше дүркін жеңімпазы.
«Жазу», «Фәни-құс» атты өлеңдер жинағы, «Қарға» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.