Нұржан Қуантайұлы
Нұржан Қуантайұлы — прозашы, ақын. 1971 жылдың 22-қаңтарында бұрынғы Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Көкпекті ауданындағы Үлгілі ауылында дүниеге келген.
1988 жылы Абай атындағы орта мектепті тәмамдап, сол жылы Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби) Қазақ мемлекеттік университетiнiң журналистика факультетiне оқуға түседі. Студент шағынан «Жұлдыз», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Жалын», «Жас қазақ», «Алматы ақшамы» басылымдарында өлеңдері жарияланып, әдебиет әлеміне ерте танылған.
Қазақстан Журналистика академиясының академигі.
Мәдениет және ақпарат министрінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен наградталған.
«Қараөзек» атты романның, бірнеше әңгімелердің, үш жыр жинағының авторы.
«Адырна», «Күмбiр», «Қараөзек», «Алаш Орда баспасөзi және Жүсiпбек Аймауытұлы», «Қолшатыр» атты кiтаптары жарық көрген.