Сұн Зы
Сұн Зы (қытайша: 孫子; пинйін: Sūn Zǐ) («Сұн ұстаз») — Сұн Ву («Sūn Wǔ») атты кісіге берілген құрмет білдіретін атақ (孫武; 544 ЗБ — 496 ЗБ), «Соғыс өнері» атты кітаптың авторы. Бұл кітап ежелгі Қытайда жазылып, әскери стратегияға ерекше зор ықпал жасаған. Сонымен бірге ол халықаралық қатынастар теориясындағы реализм бағытын алға тартқан ең алғашқылардың бірі.
Сұн Вудың жеке есімін білдіретін және «әскери» деген мағынаға ие wu таңбасы «ушу», яғни қытайдың жекпе-жек өнерінің атындағы таңбалардың бірі болып табылады. Сұн Вудың сонымен бірге «Чаң Циң» деген (長卿; Cháng Qīng) балама аты да бар.