Михаил Пришвин
Михаил Михайлович Пришвин (1873-1954), жазушы. Алғашқы әңгімесі 1906 ж. басылды. Философиялық-лирикалық прозасы негізінен табиғат, тарих, халық тұрмысы және фольклорлық тақырыптармен тығыз байланысты келеді. 1909 ж. Пришвин «Русские ведомости» газетінің тілшісі ретінде қоныс аударушылардың тұрмысын зерттеу мақсатында Қарқаралы қаласында болып кайткан. Қаркаралы, Кент, Қызылтау тауларын аралап жүріп, этнографиялық және фольклорлық деректер жинады; оларды кейін «Черный араб» (1910) очеркінде малшы-қазақ бейнесін аша түсуде пайдаланды.