Александр Суворов
Александр Васильевич Суворов (13 (24) қараша 1729, Мәскеу – 6 (18) мамыр 1800, Санкт-Петербург) – әскери қолбасшы, орыс соғыс өнерін дамытушылардың бірі, генералиссимус (1799).
Әскери қызметті 1748 жылы капрал дәрежесінде бастаған Суворовтың қолбасылық таланты орыс-түрік соғыстары кезінде көрінді. Бұл соғыстар барысында ноғай, қабарда-черкес, шешен, т.б. халықтар көп қырғынға ұшырады. Ноғайлардың бір бөлігі (180 мың отбасы) Түркияға қоныс аударды. 1774 жылы 10 маусымда Козлуджи елді мекенінің түбінде Суворов 18 мың әскермен түрік армиясының 40 мың қолын талқандап, ірі жеңіске жетті. Ресей патшайымы Екатерина ІІ Суворовты Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысын (1773 – 75) басуға да пайдаланды. 1774 жылы тамызда көтеріліс ошағы Еділ мен Жайық аймағына келген Суворовқа Пугачевті тұтқындау және көтерілісті жедел басу тапсырылды. Көтерілісті басуға жетекшілік жасаған генерал П.И. Панинге 1775 жылы 22 маусымда жазған хатында Суворов “Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан шабуыл жасап, тез арада ғайып болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды. Бүгіннен бастап бірде-бір қолайлы сәтті жібермей, Сырым батыр бастаған қазақтарды қай жерде кездессе де өлтіріңдер”, – деп бұйрық берген. 1778 – 79 ж. Қырым және Кубань корпустарының қолбасшысы Суворов Қырым түбегін Ресей құрамына қосу бағытындағы әскери іс-шараларды жүргізді. Генерал-аншеф Суворовтың әскері 1789 жылы 11 қыркүйекте Рымник түбінде түрік әскерінің 90 мың қолын жеңді. 1790 жылы түріктің Измаил қамалын тіке шабуылмен алуы оның соғыс өнеріндегі үлкен жетістіктерінің бірі болды. 1794 жылы поляк халқының ұлт-азаттық көтерілісін басуға жіберілді. Брест, Крупница, Кобылка түбінде көтерілісшілерді талқандап, 24 қазанда Праганы, содан кейін Варшаваны алған Суворовқа фельдмаршал атағы берілді. Сувовров өзінің әскери және соғыс тәжірибесіне сүйене отырып, әскери оқу-жаттығу мен тәрбие жүйесін, әскери тактика мен стратегия мәселелерін баяндайтын “Жеңіс ғылымы” атты еңбегін жазды. Суворов тактикасы тегеурінді соққы, жылдам қимыл және тұтқиыл әрекетке негізделді. 1796 жылы Павел І таққа отырған соң, орыс әскеріне прусс тәртібі мен жарғысының енгізілуіне Суворов ашық наразылығын білдірді. 1797 жылы ақпанда Суворов отставкаға шығарылып, Кончанскоедегі имениесіне жіберілді. 1798 жылы Ресей Францияға қарсы коалицияға қосылғанда, ол қайта шақырылып, одақтастардың Италиядағы әскеріне қолбасшы болып тағайындалды. 1799 жылы сәуірде Адда өзені алабында француз әскеріне соққы берген Суворов алты аптада бүкіл Солтүстік Италияны басып алды. 1799 ж. 1 қазанда Альпі тауы арқылы Швейцарияғаөткен Суворовқа генералиссимус атағы берілді.