Көкшетау қаласы
Көкшетау (латын — қаз. Kökşetau; айтылуы [køkɕetɑw] Файл жайлы ақпарат тыңдау; 1868 жылға дейін бұрынғы атауы — Көкшетау бекінісі, 1993 жылға дейін орыс транскрипциясында — Кокчета́в; айтылуы [koktɕɪˈtav]) — Ақмола облысының әкімшілік орталығы (1999 жылдан; 1944 – 1997 ж. Көкшетау облысының орталығы болған), Қазақстанның солтүстігінде, Бұқпа тауының етегі мен үлкен Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы (көлге Шағалалы және Қылшақты өзендері құяды) көркем жерде орналасқан қала (1862 жылдан).[3] Қала ауданы — 233,97 км². Ал Көкшетау әкімшілік-аумақтық құрылымының ауданы — 425 км². Қала Батыс Сібір жазығының оңтүстік-батыс бөлігінің шекарасында, Есіл жазығының оңтүстік шетінде, тау бөктері қаланы оңтүстік пен батыстан қоршап тұрған Көкшетау қыратының солтүстік баурайы шегінде орналасқан.