Қонаев қаласы

Қонаев (2022 жылға дейін - Қапшағай) — Қазақстан Республикасы, Алматы облысының орталығы. Қазақстандағы құмар ойындар ойнатуға рұқсат етілген екі қаланың бірі.

Қонаев қаласы 1970 жылдары құрылған. Аумағы 3 мың шаршы км құрайды. Қонаев қаласында қазіргі таңда 2 округ және 11 елді мекен бар. Қапшағай бөгетінің солтүстік батысында 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағасында Тамғалы Тас орналасқан. Қапшағай өңірінде 61,6 мыңнан астам адам тұрады. Қала Қапшағай бөгені жағасында бой көтерген. Қонаев халықтың ең көп демалатын жерлерінің бірі болып саналады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: