Теміртау қаласы

Теміртау — қала, Орталық Қазақстанның, Қарағанды облысында Нұра өзенінің бойында орналасқан. Ол бүкіл Қазақстанға, ТМД елдеріне өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі, өйткені Теміртау — республикадағы ірі индустриялды орталығы, еңбеккер даңққа бөленген қала. Теміртаудағы «Миттал Стил» зауыты шойын, болат, агломерат және т.б. өндіреді. Бұл өнімдер Қазақстандағы бүкіл өндірістерді, өнеркәсіптерді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өзінің өнімдерін 60-тан астам елдерге экспортқа шығарады.

Теміртауда еліміздің елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек етті, өндіріске мол үлесін қосты, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қабырғасында білім алды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров та осы қаладан шыққан.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: