Демеу Жадыраев

Демеу Жадыраев (2 қараша 1989, Үшарал ауылдық округі, Панфилов ауданы, Жетісу облысы) — грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан, 2024 жылғы Париж қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Суан руынан шыққан.

Мансабы
Күреспен 2001 жылдан бастап айналысады, 2007 жылдан бері Боранбек Қоңыратовпен жаттығады.

2015 жылы 66 келіге дейінгі санаттағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2016 жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

2017 жылғы әлем чемпионатының 71 келіге дейінгі санаттағы күміс жүлдегері.

2024 жылы Париж қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындарында 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: