Болатбек Төлепберген

Болатбек Төлепберген Көрпебайұлы  1974 ж. Жамбыл облысы Сарысу ауданы «Жайылма» ауылында дүниеге келген. 1991 жылы ауылдағы орта мектепті күміс медальға бітіріп, 1991-1996 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тамамдаған.

Еңбек жолын 1992-1994 жылдары «Өркен» және «Жас алаш» газеттерінің тілшісі болып бастаған. 1994-1996 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі,1996-1998 жылдары «Зерде» журналы бас редакторының орынбасары,1998-2000 жылдары «Жалын» журналы бас редакторының орынбасары, 2000-2001 жылдары «Асар» жастар газетін ұйымдастырушы, бас редакторы, 2002-2005 жылдары «Журналист» газетінің редакторы болды. 2010 жылы философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған. Қазір Қазақ радиосы директорының орынбасары - «Шалқар» радиосының директоры.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: