Франсуа Вольтер
Франсуа Мариаруэ Вольтер (1694-1778) - француз жазушысы, тарихшысы, француз ағартушыларының көсемдерінің бірі. Өзінің шығармаларына феодалдық қатынастарды, деспотияны, християн дінін қатты сынайды. Жоғарыдан реформа жасау арқылы қоғамда өзгерістерге жетпекші болды. Әлеуметтік жамандық білмеушіліктен деп есептеген. Оның пайымдауынша, теңдік, еркіндік жаратылыстан берілген құқықтар. Барлық азаматтар заң алдында тең. Бірақ мүліктік теңсіздікті адамдардың жаратылысынан солай деп түсінді. Кез келген еркіндіктің бастауы - ұят пен сөз еркіндігі. Католиктік шіркеу мен католицизмге Вольтер қарсы болғанымен, жалпы дінге қарсы болған жоқ.