Халықаралық аспаздар күні
Бұл күн арнайы мейрам ретінде 2004 жылы Бүкіләлемдік аспаздар қоғамдары ассоциациясы ықпалымен бекітілген болатын. Айта кетейік, бұл ұйым құрамында дүние жүзі бойынша аспаздық өнерін шебер меңгерген 8 миллион маман бар. Халықаралық аспаздар күнін (International Chefs Day) тойлау кең етек жайып, қазіргі таңда 70 елде тұрақты түрде атап өтіледі.