Нұрмахан Назаров
Нұрмахан Назаров — 1944 жылы қаңтардың 9-ында Түркістан темір жол станциясының №33 разъезінде дүниеге келген. Сол кездегі Ленин атындағы орта мектепті (1960 жылы), Қызылорда Гоголь атындағы педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген.
Еңбек жолын оқытушы, мектеп директоры, мәдениет үйінің директоры, мәдениет бөлімінің, қалалық атқару комитетінің, қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі болды. Сонымен қатар, «Әзірет Сұлтан» музейінің, Саттар Ерубаев музейінің, Нәзір Төреқұлов музейінің директоры қызметтерін атқарды. Бүгінде «Түркістан нұры» журналын, «Әзіреті Түркістан» газетін ұйымдастырушы.
Нұрмахан Назаровтың Түркістанның көне замандардан бүгінге дейін тарихын көп жылдар бойы зерттеп, жинақтап, жарыққа шығарған «Түркістаным тағдырым», «Шежірелі Түркістан» атты кітаптары жарық көрген.
ҚР Мәдениет қайраткері, Журналистер Одағының мүшесі, түркістантанушы, Түркістан қаласының Құрметті азаматы.