Тэцуо Миура
Тэцуо Миура 1931 жылы 16 наурызда Жапонияның Аомори префектурасына қарасты Хатинохе қаласында дүниеге келген. Ол үйдегі үш ұл, үш қыздың кенжесі еді, алайда екі ағасы із-түссіз жоғалып кетіп, екі үлкен әпкесі өздеріне қол салып көз жұмады.
1949 жылы Миура Токиодағы Васеда университетіне оқуға түседі. Бірақ ортаншы ағасының қайғысынан кейін оқуды тастап, туған қаласына қайтады. Сонда орта мектепте сабақ бере жүріп жазуды бастайды.
Миура 1953 жылы Васеда университетіне оралып, 1957 жылы француз әдебиеті бөлімін бітіріп шығады.
Тэцуо Миураның алғашқы шығармасы 1955 жылы журналға басылады. Сөйтуіне себеп болған адам - әйгілі романист Масудзи Ибусэ жас жазушының «Он бес жастағы мен және айналамдағылар» әңгімесін жоғары бағалап, батасын берген екен.
1960 жылы жазушының «Төзім өзені» әңгімесі Рюноскэ Акутагава атындағы сыйлыққа ие болып, бұдан былай атағы шыға бастайды. Бұл – афтобиографиялық әңгіме. Сондай-ақ, оның балаларға арналған «Юта және оның керемет достары» деген кітабы да оқырманның оң бағасын алған еді. Кітап 1971 жылы жарық көрген болатын. Ал 1976 жылы «Тапанша және 15 әңгіме» жинағымен Нома атындағы сыйлықтың лауреаты атанады. Және Ясунари Кававата атындағы сыйлықты да қатарынан екі рет: 1990 жылы «Батат», 1995 жылы «Құрт шыбындар» әңгімелер жинағы үшін иемденген.
Тэцуо Миураның «Төзім өзені» 1972 жылы Кэй Кумаидің режиссерлігімен экранға шығады, ал 1977 жылы театрда «Юта және оның керемет достары» мюзиклы қойылған.
Миура 1988 жылдан Жапония көркем академиясының мүшесі, 1984-2005 жылдар аралығында Акутагава атындағы сыйлыққа қазылық еткен.
Қайсар қаламгер 2001 жылы инсульт алғанына да қарамай жазуын жалғастыра берген. Сол жылы маусымда «Күзетші-шешей» эсселер жинағы шығып, «Маинити Симбун» газетіне сұхбат берген ол тағы бір роман жазғысы келетінін айта отырып: «Егер жазуды тоқтатсам, сонымен бірге өмірім де тоқтап қала ма деп қорқамын», - деген еді.
Тэцуо Миура 2010 жылы 8 тамызда жүрек талмасынан көз жұмады.