Садақа

Садақа (араб.: صدقة‎, парс. садаге, түрк. садакат — шын ықыласпен сыйлау) — ислам діні бойынша қайырымдылық мақсатында мұқтаж адамдарға берілетін ақшалай немесе заттай көмек. Садақа беруші қайырымдылық көрсетумен қатар, күнәсін жуу, қапыда келер көлденең кесапат, қиындықтардың алдын алып, сақтану мақсатын да көздеуі мүмкін. Садақаны мүмкіндігі бар адамдар береді. Садақа ақша, киім-кешек, көмек көрсету, тұрғын жай беру, қарызын немесе міндеттемесін кешу түрінде болады. Садақаның парыз етілген түрі — дәулетті адамдар беретін “Зекет” және ораза айында бүкіл мұсылмандар беретін “Пітір” садақалары. Садақа деп аталатын қамсыздандыру қаржысы түріндегі зекет қорына қосылып, орталық өкіметтің ерекше уәкілдерінің атынан мұктаж адамдарға ғана бөлінеді. Садақа қаржысынан кіріптарлығын қауымның үш мүшесі куәландырған кедейлер мен мүгедектер, тосын жағдайға ұшырап, қайыршылық күйге түскендер, сондай-ақ әлдеқандай төлем өтеуге және өз шамасы келмейтін мүмкіндігі жоқ адамдар ғана көмек ала алады. Олардың жағдайлары түзелгеннен кейін Садақа беру тоқтатылады. Соғысқа көмек көрсетіп, бірақ олжалан ештеме тимегендерге Садақа қаржысынан сыйлық беріледі, қаржысының құл сатып алуға жетпейтін бөлігі төленеді (мукатаб), егер жағдайы қиындан бара жатса Садақа жинаушы және оны таратушы әкімшілік қызметкерлеріне көмек көрсетеді, панасыздар үйлері ұйымдастырылып, сапарларын жалғастыруға мүмкіндіктері жоқ жолаушыларға көмек беріледі. Хадис пен фикһ жөніндегі кітаптарда зекетті Садақа деп атайды. Садақа қаржысымен зекет қаржысынан бірыңғай дәрежедеғі адамдардың көмек алу фактісінің өзі Садақа мен зекеттің әуелде бір ұғымды білдіргенін дәлелдейді. Ерікті түрде жиналатын садақаны міндетті жарнадан ажырату үшін оған: «ерікті Садақа» деген сөз косылады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: