Қуаныш Оспан
Қуаныш Ерғалиұлы Оспан - 1988 жылы 9 сәуірде бұрыңғы Көкшетау облысы, Уәлиханов ауданының Жасқайрат ауылында дүниеге келген. Отбасындағы он екі баланың он біріншісі. 1994 жылы мектеп табалдырығын аттап, 2003 жылы Жасқайрат ауылының 9 жылдық мектебін тәмамдап 2003-2005 жылдары 10-11 сыныптарды селолық округтің орталығы Қайрат ауылында оқиды. 2006-2010 жылдар аралығында Көкше академиясының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде білім алған.
2010-2012 жылдары Бурабай ауданда аудандық мәдениет үйінде әдіскер, режисер, 2012-2016 Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин музейінде ғылыми қызметкер, Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК-да қызметкер, қазіргі таңда Ақмола облыстық Рухани жаңғыру Өңірлік жобалық кеңсесінде қызмет атқаруда. Үйленген, төрт баланың әкесі.
Халықаралық Шабыт фестивалінің дипломанты. Облыстық, аймақтық, республикалық ақындар айтысы мен жыр мүшәйраларының жүлдегері. Ауылдың баласымын, Аспандағы Астра жыр жинақтарының авторы.