Дүкен Мәсімханұлы
Дүкен Мәсімханұлы - 1963 жылы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесіне қарасты Текес ауданының Шилөзек аулында туған. 1987 жылы ПекиндегіОрталық ұлттар университетін аудармашы-филолог мамандығы бойынша тамамдаған. 1987 — 1993 жылдары Үрімші қаласындағы СУАР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының әдебиет институтында ғылыми қызметкер болып істеді. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің арнайы шақыруымен атамекенге келген. Қытайтанушы ғалым әл-Фараби атындағы Қаз ҰУдың Шығыстану факультетінде Қиыр шығыс елдері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған. 2002-2009 жылдары Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Шығыстану кафедрасының Мұрағатталған 2 қарашаның 2013 жылы. меңгерушісі. 2010 жылдан аталған оқу орнындағы қытай тілі кафедрасының меңгерушісі. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013ж.).