Жүніс ЕМРЕ
ХІІІ ғасырдың ортасы мен ХV ғасырдың басында Анадолыда өмір сүрген, исламның сопылық бағытын ұстанған түрік ақыны. 1240 жылы туылып, 1320 жылы қайтыс болған деп есептелінеді. Осынау 80 жылдық өмірінде ол көп жайды бастан кешкен, көпті көрген, көп білген. Сондықтан оның өлеңдері философиялық терең ойлы, мол мағыналы, шынайы да шырайлы болып келеді.
Жүніс Емре де Қожа Ахмет Яссауи сияқты түрік халқының жақсы көрген буын ұйқасын жəне жай тілді қолданады.
Аңыз бойынша Жүніс Емре үш мың өлең жазыпты-мыс. Соның бір мыңы аспанға жіберілген, бір мыңы суға жіберілген. Қалған бір мыңы ғана бізге, жер бетіндегі адамдарға мұра болып қалса керек.