Имашхан Байбатырұлы
Имашхан Байбатырұлы (4.5.1938, Моңғолия, Баян-Өлгий, Қызылтөбе ауылы – 05.04.2000, Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауылы) – ақын.
ҚазПИ-ді бітірген (1964). 1964 – 82 жылдары Моңғолиядағы қазақ жазушылары ұйымын басқарған, “Шұғыла” әдеби журналының бас редакторы болды. 1957 жылдан оннан астам жыр жинақтары жарық көрді. Имашхан туындылары туған жерге деген сүйіспеншілік, махаббат, еңбек, ерлік, халықтар достығын арқау еткен терең ой, толғамдарға бай. “Моңғолдың құпия шежіресіндегі” өлең, афоризмдерді және моңғолдың классик ақындарының туындыларын қазақ тіліне аударған. Бірнеше драма және “Керім-ау, айдай” операсын (1990) жазды. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударған соң “Өрт шалған жүрек” атты жинағы (1999) басылып шықты. “Моңғолия ақындары поэзиясының антологиясына” туындылары еніп, моңғол тілінде “Домборын эгшиг” (Домбыра сазы) атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Имашхан шығармалары моңғол, орыс, алтайлықтар, болғар тілдеріне аударылған. Моңғолия Жазушылар одағы сыйлығы лауреаты (1970)