Науат Шантубайқызы
Науат Күнес ауданының Кеңсу ауылында тұрады. 1967 жылы Күнес ауданының Түрген ауылында дүниеге келген. Ол алғашында айтыс ақыны ретінде танылды. «Ақөзен» атты тұңғыш өлеңі 1990 жылы «Іле газетінде» жарық көрді. Содан бері түрлі басылымдарда 150 өлеңі, «Қозы көрпеш-Баян сұлу - мәңгілік махаббат жыры», «Ақын елдің жүрегінде», «Ақынның өзі өлсе де, сөзі өлмейді», «Асыл ақын» атты сын мақалалары жарияланып, Қытайдағы қазақ баспасөзінде әдеби сын жанрының ілгерілеуіне үлес қосты. «Жүзден жүйрік» альманағына енген өлеңдері мен Қазақстанда шығатын «Аружан» және «Бал бұлақ» журналдарында жарық көрген шығармалары Науаттың ақындық қарымын байқатты. 1991 жылы «Іле газетіне» басылған «Бір қыздың арманы» деген өлеңі осы басылымның 2-дәрежелі сыйлығына, «Іле кеші» газетіне басылған «Ақша қар» өлеңі 3-дәрежелі сыйлыққа ие болды.