Нұршаш Тоқтарқанқызы
1964 жылы қазан айында Шіңгілде дүниеге келген. 1987 жылы Құлжа оқу-ағарту институтын үздік нәтижемен бітіріп, Шіңгіл орта мектебіне оқытушылық қызметке орналасқан. Ұстаздық қабілетін ә дегеннен танытқан ол түрлі марапаттарға ие болып, «Ерекше оқытушы» атағын алды. Нұршаштың «Ана туралы» деп аталатын тырнақалды туындысы 1981 жылы «Алтай» газетінде жарық көріп, сол кезден бері үш жүзден астам өлең, баллада, мысал, поэмалары жарық көрді. Әсіресе, оның балаларға арналған өлеңдері мен жұмбақтары өзінің кішкентай оқырмандары тарапынан үлкен құрметке ие болды. Балалар тәрбиесі және психологиясы жөнінде жазылған 20-дан астам мақаласы «Табиғат - менің сырласым» атты жеке басылымға айналып, қазір баспа бетін көру алдында тұр. Ол Алтай аймақтық ақындар айтысында екі рет жүлде алды. Ақын келіншектің «Мұз майданы өмірдің» атты жеке жыр жинағы бар.
Нұршаш Тоқтарқанқызы Шыңжаң Жазушылар одағының, Алтай аймақтық оқу-ағарту одағының мүшесі.
Нұршаш Тоқтарқанқызы Шыңжаң Жазушылар одағының, Алтай аймақтық оқу-ағарту одағының мүшесі.