Әзия Мағыперқызы
1964 жылы Буыршын ауданының Қалутон деген жерінде дүниеге келген. Шыңжаң радио-телевизия университетінен білім алған. Қазір Буыршын аудандық мәдениет үйінің орынбасар бастығы. 1992 жылы «Ұстаз анама» атты тырнақалды туындысынан кейін түрлі басылымдарда өлең, толғау, поэмалары мен әңгімелері жиі жарияланды. «Мен жалындап өтемін», «Алтын тау салтанаты», «Іле салтанаты», «20 ғасыр: әдебиет қамбасы» сияқты альманахтарда жарық көрген өлеңдері Қытайдағы қазақ оқырмандары тарапынан жоғары баға алды. Оның «Жалғыз қайың», «Қыздың жанын аяла», «Қасиет ізде ғаламнан» атты жыр жинақтары бар. 40-тан астам өлеңі ханзу тіліне аударылған. 40-тан аса ән сөзін жазған.