Нұрила Әбенқызы

Нұрила (Нүрила) Әбенқызы (1894, Алматы облысы Қаскелең ауданы Кемертоған ауылы – 1921, сонда) – айтыскер ақын. Нұрила 1918 жылы бір жиындағы айтыста Бармақ, Арғынбай, Мақыш ақындарды қатар жеңіп, Жетісу өңіріне кеңінен танылған. Келесі жылы аталған ақындармен қоса Үмбетәлі, Саяділ, Шүкітай, Оспан, т.б. он бір ақынмен кезек айтысып, жүлде алған. Бұл айтысқа Жамбыл төрелік айтып, Нұриланың ақындығын жоғары бағалаған. Кейін Үмбетәлімен сүре айтысында сөз сынасқан, бұл сөз сайысы “Айтыс” жинағына енген (1965). Ақынның “Жаңа таң” атты жыры ел аузында сақталған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: