Есенғали Бөкенбаев
Есенғалидың туған жері – Маңғыстауда Жетібай маңындағы Айрантақыр деген жер. 1932 жылы он бір жасар Есенғали әкесі Жадырасыннан айрылды. Иек сүйер туысы, әкесінің ағасы Отарбай тағы дүние салды. Шешесі Бибіш үйелмелі-сүйелмелі Есенғали, Талшын, Үзіл, Ұлбөпе сияқты ұл-қыздарын ертіп, кәсіп іздеп Красноводскіге келді. Әуелі туған жері Қызық мектебінде, кейін Красноводскідегі қазақ интернатында оқыған Есенғали үй ішінің күнелтісі үшін қабырғасы қатып, бұғанасы бекіместен жұмысқа жүреді, анасына көмектеседі, сүйтіп жүріп майданға кетеді.