Қабиболла Сыдиықұлы
Қабиболла Сыдиықұлы 1934 жылы Атырау облысының Жылой ауданында (қазіргі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының Қарақұм өңірінде) дүниеге келген. 1955 жылы Атырау оқытушылар институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін, 1960 жылы Қазақ университетінің филиология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. 1950-55 жылдары Атырау облысы Жылой ауданының халық ағарту саласында, 1960-69 жылдары Атырау педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы, 1969-82 жылдары Қазақстан Республикасы ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институының әдебиет тарихы бөлімінде кіші, аға ғылыми қызметкер болып істейді. 1982-84 жылдарда Форт-Шевченко қаласындағы Т.Шевченко мемориалдық музей-комплексінің директоры болған. 1984 жылдан М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері болып өмірінің соңына дейін істеді.