Эмиль Дюркгейм
Эмиль Дюркгейм (1858–1917) – француз философы. Негізгі мамандығы – социолог. Француз социология мектебінің негізін қалаушы. Əлемдегі тұңғьш социология профессоры. «Социология элементтері» (1889–1917), «Діни өмірдің қарапайым формалары» (1912), «Социология жəне философия» (автор қайтыс болғаннан кейін 1924 жылы жарық көрді) деген кітаптары бар. Париж жөне Бордо университеттерінде социология пəнінен дəріс берген. 1896–1913 жылдары «Социологиялық жыл жаршысы» («Социологический ежегодник») атты социология саласындағы тұңғыш журнал шығарып тұрды.