Наурызбай Тағанұлы
Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлы 1977 жылдың 13 наурызында Оңтүстік Қазақстанда дүниеге келген.
Білімі
1993-1997 жылдары Ташкенттегі "Имам Әл-Бұхари" атындағы Ислам институтында жоғары діни білім алған. 1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институтында оқыды.
2009 жылы Мысыр Араб Республикасында қысқа мерзімде діни білімін жетілдірген.
2010 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің "Тарих" факультетін сырттай оқып бітіреді. 2011-2013 жылдары осы университеттің "Дінтану" мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдады.
2017 жылдан бастап "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінде "Исламтану" мамандығы бойынша PhD докторантурасында оқып жатыр.
Наурызбай Тағанұлының жетекшілігімен 2002-2005 жылдары ШҚО, Аягөз қаласында орталық және "Жаңауыл" мешіттерінің құрылысы сәтті жүргізіліп, іске қосылған. 2010-2011 жылдары Қарағанды қаласындағы орталық мешіттің салынуына үлес қосқан. Қарағанды облысында "Сұлу әлем", "Нұрлы мінбер", "Жұлдызды гол" атты жобаларды іске асырды. Республикалық БАҚ беттерінде жарияланған көптеген діни, рухани-танымдық мақалалары мен "Үміт сәулесі", "Мазһабсызбен сұхбат" атты кітаптардың авторы.