Проспер Мериме
Проспер Мериме (фр. Prosper Mérimée; 28 қыркүйек 1803 жыл, Париж — 23 қыркүйек 1870 жыл, Канн) — француз жазушысы, Француз академиясының мүшесі. Орыс тілін жетік меңгерген. Пушкин мен Гогольдің шығармаларын сүйіп оқиды. 1849 жылы Пушкиннің «Қарғаның мәткесін», 1853 жылы Гогольдің «Ревизорын» француз тіліне аударады. Сонымен қатар Ресейдің тарихына да қызығады. «Journal des Savants» атты журналға «Ұлы Петрдің тарихы» туралы бірнеше мақала жариялайды. 1828-1829 жылы «Жакерия» (Jacquerie) және «Famille Carvajal» атты драмалар, «IX Карл» (Chronique du temps de Charles IX) атты тарихи роман және «Маттео Фальконе» (Mateo Falcone) атты новеллa жазады. Оның атақты шығармаларының бірі — «Кармен» новелласы. Онда сыған қызы Кармен жайлы және сығандардың әдет-ғұрыптары туралы баяндалады.