Шандор Петефи
Петёфи Шандор (1.1.1823 — 31.7.1849) — венгр ақыны, 1848 — 49 жылдардағы Венгрия төңкерісінің белсенді қайраткерлерінің бірі. Алғашқы жырлары “Ішкіш”, “Дунайда” 1842 жылы тамызда, ал соңғы шығармаларының бірі “Сұмырай заманда” 1849 жылы шілдеде жазылған. Осы аз уақыт aралығында ол 85 дастан-жыр, 3 әңгіме, 2 драма, 1 роман жазды. Бұған қоса саяси-әлеуметтік мәселелерге арналған өткір мақалалары, хаттары, күнделіктері, аудармалары сақталған. Петёфи шығарм-ның арқауы бостандық пен махаббат, елдік пен ерлікті дәріптеу, озбырлыққа, қиянатқа қарсылық, адамдық пен адалдықты паш ету болды.