Мәди Айымбетов
Мәди Айымбетов — 1946 жылы 14 қарашада Қостанай облысы, Аманкелді ауданында туған. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдағаннан кейін республикалық газет-журналдар басылымдарында қызмет істеді. 1972—1977 жылдары аралығында «Қазақстан пионері» (қазіргі «Улан») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. 1977—1984 жылдары. «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында, бұдан соң 1986 жылы «Қазақстан коммунисі» (қазіргі «Ақиқат») журналында қызмет істеді. 1986-1993 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде, 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратында бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет еткен. Қазір Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратына Редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі.
Жазушының «Тәтті мұң» атты алғашқы әңгімесі 1972 жылы «Жұлдыз» журналында жарық көрді. Содан бері жазушының оннан астам кітабы жарық көрді. «Бар болғаны он төрт жас», «Ғашық болу бақыты», «Құм киесі» т.б. повестері балаларға, ауыл өміріне арналған. Орыс тілінде «Плато голубых цветов», «Чаша печали», «На тверди земной» (2001) атты кітаптары шықты. Швед жазушысы Мария Грипенің «Эльвис Карлсон» повесін, В.Шукшин, А.Головко, А.Пацюс, тағы басқа жазушылардың шығармаларын аударған. Жекелеген шығармалары украин, белорус, түркімен, өзбек, қырғыз, ұйғыр, шешен тілдеріне аударылған.