Сыпыра жырау
Сыпыра Сұрғалтайұлы, Сыпыра жырау (XIV ғ.) — Суырып салма ақын. Руы — Кете.
XIV ғасырда Тоқтамыс пен Едігенің билік құрған жылдарында өмір сүрген. Оның есімі ескі батырлар жырының талайында аталады. "Өз өмірінде толғау айтып өткен" Сыпыра жайында "Ер Тарғында" "Тоғыз ханды түзеткен кісі еді" делінеді. "Телағыс" жырында ел бірлігінің ұраншысы, ал "Құбағұлда" "Жүз сексенге келген" дана қария ретінде көрінеді.
"Едіге би", "Тоқтамыс туралы аңыз" деген жырлар бар. Осылардың бәрінің о бастағы тудырушысы Сыпыра жырау болғанға ұқсайды. "Қырымның қырық батырын" жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағымын деген.
Дау-дамай, талас туған кезде халық әрқашан әділін айтар Сыпыра жырауды шақырып, оның шешіміне қанағаттанатын болған. Сыпыра жырау шығармашылығы көптеген түркі халықтары әдебиетінде көркем үлгі ретінде орын алды. Мәселен, ол ноғайлықтарға — Сыбыра йырау, башқұрттарға — Сыбрй йырысы, татар барабиндіктерге — Сафардау, қырымдықтарға — Сыпара жырау ретінде белгілі. Ал қарақалпақтар Сыпыраны өздерінің ең үлкен эпосшы жыраулар мектебінің негізін салушы санайды.