Шашубай Қошқарбайұлы
Шашубай Қошқарбайұлы (1865, қазіргі Қарағанды облылысы Ақтоғай ауданы Қоңырат ауылы — 4.5.1952, сонда) — халық ақыны, әнші, композитор, Қазақ КСР-інің еңб. сің. өнер қайраткері (1941). Жасынан домбыра, сырнай, гармонь тартып, ән салуға, өлең шығарып айтуға, серілік құруға әуестенген. Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Мәди, Ғазиз сияқты Арқаның атақты әнші, сал-серілерімен кездесіп, тәлім-тәрбие алған. Шашубайдың цирктік өнермен де атағы шығып, серілікпен ауыл аралап, ел алдында өзінің сан қырлы талантын көрсетті. Шашубайдың ел арасында “Майда қоңыр”, “Жетім қыз”, “Ақ қайың” (екі түрі бар), т.б. әңдері кең тараған. Ақын өз қызметінде ауыз әдебиеті үлгілерін кеңінен насихаттап, жұртшылыққа таратқан; қисса-дастандар мен толғауларды жатқа айтқан.