Нұрбақыт Мұхаметжанұлы
Мен 1962 жылы күзде Іле қазақ облысы, Шапшал ауданының Сегіз сұмын ауылы Ақбұлақ қыстағында жарық дүниеге келіппін. Жеті жасқа шыққанда мектеп есігін ашып, қыстақ мектебінде толықсызды 1977 жылы тауыстым. 1978 жылы аудандық орта мектепке қабылданып, 1980 жылы толық ортаны тауыстым. 1981 жылы Іле облыстық «Қазынасауда техникумына» қабылданып, оны 1984 жылы тауысып өз талабым бойынша, Мұңғұлкүре ауданына қызметке бөліндім. Онда Ақдала ауылы кооперативіне бөлініп, коорператив бухгалтері болып қызмет атқардым. 1987 жылы қазан айына келгенде аяқастынан ауырып жатып қалдым...
Нұрбақыт Мұхаметжанұлы өткен 80 – 90 жылдарда көзге түскен талантты ақын.Ұзақ жыл ауру азабын тартса да азаматтық үнін бәсеңдетпеген, тірлікке деген іңкәрлігін ту еткен, жүректен туған жырларын ірікпей ірілікке ұмтылған сарыны бөлек, шабысы екпінді, сергек те сезімтал дарын иесі еді. Қытайдағы оқырманға белгілі болса да, қарашаңырақтағы жыр сүйер қауымға беймәлім азаматтың елді аңсаған жүрек дауысын, қиындыққа толы тағдырлы шежіресін білгіңіз келсе, қолыңыздағы «Ақбастауды» оқыңыз. Арадан ерте озып, бақилық болған ақын рухымен сырласасыз.