Ахмет Байтұрсынов

Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.

Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.

Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.

Сөздің ең ұлысы – тарих.
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

8 наурыз (Қызыма)

8 Наурыз арулар күніне арналған жылы лебізімді қабыл ал. Тал бойыңа ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті Қазақ қыздарының жан сұлулығын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, көңілің көктемдей көрікті болсын!

Ізгі тілекпен, жан әкең ………………!
Құттықтау, тілектер
Толық

Сүйікті жарыма, сүйіктеме (8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні)

Өзіңді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін.

Ізгі тілекпен, жан жарың……..
Құттықтау, тілектер
Толық

Туған күн (25 жас)

Келгендей жаз оралып, күздер өтіп,
Келмейсің неге, жастық, жүзден өтіп?
Кім саған, о жиырма бес, наз айтпады,
«Таптың»,- деп,- не.....

Құттықтау, тілектер
Толық

Туған күн (Аға - Мерейтой 60 жас)

Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға деп білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық парасат Сізді зор құрметке бөледі. Сіздің жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды. Өмірлік еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз....
Құттықтау, тілектер
Толық

Жан құрбыма туған күнге арналған құттықтау - тілектер

Онсыз адам жүре алама тоқпақтар мен шоксызда.
Ал сұлулық тілер ем мен, сұлусын сен онсызда.
Қайтсем екен, мен оданда барлық адам аңсаған
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған
Ал сан мыңы тегелесіп тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін
Зор МАХАББАТ тілейінші мен саған!

Құттықтау, тілектер
Толық

Ұстаздар күні, мұғалімдер күні құтты болсын

Талабыңмен танып білген ілімді
Қолдандың да, ұстаз болдың бүгінгі.
Жүрегіңді білім-нұрға билетіп.
Жүрсің-дағы шәкіртке сыр үйретіп.

Жалқаулық пен еріншектік танытпай,
Жауһар білім іздетесің жалықпай.
Жетелетіп ізгілікке....

Құттықтау, тілектер
Толық

Құдалық, құда, құдағи

Құрметті құда...., құдағи....!
Таудан аққан тасбұлақтың суы қандай мөлдір, қандай таза! Сәт сайын жаңарып жатқан ағын суда мін бар ма? Біз үшін сіздердің жандарыңыз да дәл осындай – сәт сайын жаңарып жататын кірсіз әлем! Баламыздың көңілі құлапты, қызымыздың жаны ұнатты – екі асыл қосылды! Бақ ауысады, ырыс жұғысады деген, жұрнағымыздың жапырағы жайылып, тамыры тереңдегей! Сіздерге ұқсаған елдің қамын ойлайтын аптал азаматтар болсын, құдалар!
Екі үкіміз теңін тапты деп менің жүрегім қуаныштан жарылғалы тұр. Тең-теңімен деген емес пе! Осы қуаныш тілегімді «Бәрін сәтімен орайластырған Жаратушы баянды бақыт берсін» деп аяқтағым келеді.
Дәмнен, сусыннан, тағамнан алыңыздар!
Құттықтау, тілектер
Толық